10.07.2021
144
Босфорда болу жазбаған
Босфорда болу жазбаған,
Болмад деп және сөкпеңіз.
Көгілдір оты маздаған,
Жанарың сенің-көк теңіз.
Бағдатқа және бармадым,
Керуенмен жібек тасыған,
Тізеңде сенің -арманым,
Дем алсам-ау деп асығам.
Жаныма, менің денеме,
Бермесе деймін ит өлім.
Парсының қызы, келе ме,
Қиялдағы елді бір көргің?
Мықты еді неткен жаратқан,
/Толмай ма сірә, тақымың/.
Телмірте саған қаратқан,
Ресейдің мықты ақынын.
Еліктірдің гүлге ұқсап,
Сен шақырдың, жолдамын.
Аймалады жұп-жұмсақ,
Аққу қанат қолдарың.
Күндерге өткен өкінбен,
Белгісіз не күн тумағы.
Бір нәрсе айтшы, өтінем,
Көңілді елің туралы.
Келсем де сені ұнатып,
Тағдыр неткен көп әсем.
Бір нәрсе айтшы жұбатып,
Алыста қалған аруды,
Сағынсын жаны демесең.