10.07.2021
143
Дедің сен: «Саади әйелдің»
Дедің сен: «Саади әйелдің,
Төсінен өзге сүймеген»,
Тоқтай тұр жаным /әй, өлдім/,
Оны да мен үйренем.
Әндеттің тағы: «Қыздары,
Ефрат жақтың-бейне гүл».
Бай болсақ егер біз дағы,
Болар ед өзге сөйлемің.
Қуаныш маған жаға ма?
Жұлар ем гүлдің бәрін мен.
Шаганэ, жаным Шаганэ,
Асып кетпеу үшін әріңнен.
Сүймесең мені келмес ең,
Айтпа сен ойдың жоқ емін.
Ақын боп тудым ендеше,
Ақынша сені өбемін.