meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.07.2021
  198


Автор: Айтуар Өтегенов

Көзіңдегі сырды үнсіз

Көзіңдегі сырды үнсіз,
Ұғушы едім.
Шақырғанда кірбіңсіз,
Шығушы едің.
Екеуміз де бал құрақ,
Балауса едік.
Атқан таңға албырап,
Қараушы едік.
Ажырассақ сағынып,
Қалушы едік.
Ақ жүректе ақ үміт
Жанушы еді...
Сол күндерден қалды іздер,
Жосылып-ақ.
Тынышталдық ал біздер,
Қосылып ап.





Пікір жазу