10.07.2021
188
Асықпашы
Асықпашы,
Асықпашы,
Асықпа,
Асығыстық жараспайды ғашыққа.
Мендегі өртті, сендегі өртті, сәулешім,
Сөндіре алмас-ау,
Ақ Жайық суын шашып та.
Жүрек – жалын,
Аспан – жалын,
Түн – жалын,
Тамашалап туған жердің қыр-жалын.
Таң атқанша қыдырамыз жүр, жаным,
Қасымда болсаң, қасымда болсаң сен менің,
Бұл тағдырыма ырзамын.
Толқынды қара,
Ақ Жайық неткен өр еді,
«Қылмысымызды» да Ақ Жайық қана көреді.
Есімізді алып жалындай түссін біздегі от,
Өрт сөндірушінің ғашыққа,
Керегі жоқ қой керегі.
Сезімнен іңкәр құтыла алмаймыз қашып та,
Мұндай сәттер табылмайджы ғашыққа.
Қарсы аламыз таңның нұрлы шапағын,
Асықпа сен,
Асықпашы,
Асықпа!