10.07.2021
254
Сағындым ғой
Үйірімді ағысы бар толқынды,
Сағындым ғой, сенің әсем күлкіңді.
Сағындым ғой, бақыт таңын әкелген,
Сағындым ғой,
Сағындым ғой сол түнді.
Сағындым ғой, ақ жүзіңді нұрланған,
Екеумізді бақыт күтіп тұрды алдан.
Сағындым ғой,
Сағындым ғой сол кезді,
Оңашада бөтен көзден ұрланған.