10.07.2021
  164


Автор: Айтуар Өтегенов

Кемшіліктер көп менде

Кемшіліктер көп менде,
Әлжуаздау бір жан ем.
Ән білмегендіктен де,
Өзіме-өзім ырза емен.
Өнер дарып біткенге,
Табиғат-ау мырза ма ең.
Күй білмегендіктен де,
Өзіме-өзім ырза емен.
Шымырлаған қайнардың,
Түбі болмағасын.
Жиын менен тойлардың,
Гүлі болмағасын.
Болмысым-ау өзіңе,
Шағымым мен назым бұл.
Ал өлең деп шимайды,
Кім болса сол жазып жүр.





Пікір жазу