10.07.2021
  133


Автор: Айтуар Өтегенов

Сағындырды, аңсатты

Сағындырды, аңсатты,
Самал желді, құба түн.
Сағындырды аңсатты,
Жайлау, сенің шұбатың.
Ойымды ауыл бөлетін,
Келсемдағы неше мен.
Жарқын жеңгем беретін,
Сол шұбатты кесемен.
Сағындырды, аңсатты,
Собалақ нан бір үзім.
Сағындырды, аңсатты,
Жайлау, сенің қымызың.
Себебі оның қырқаға,
Гүл өскенде қырмызы.
Қымыз емес сыр маған,
Құятұғын қыр қызы.
Сағындырды, аңсатты,
Сылаңдаған су сағым.
Сағындырды, аңсатты,
Жайлау, сенің жусаның.
Менсінбестен дауласам,
Балдан тәтті суатың.
Жусаныңа аунасам,
Арта түсер қуатым.





Пікір жазу