10.07.2021
  170


Автор: Айтуар Өтегенов

Кеудемде менің

Кеудемде менің:
Жайнаңдар шоқ болып,
Төстегі жарқылдар,
Ойнаңдар ақ көбік,
Ақ көбік толқындар.
Атыңдар тербетіп,
Гүлдерді таң нұрлар,
Жатыңдар селдетіп,
Селдетіп жаңбырлар
Тіл бітіп тастарға,
Орнаңдар ақ шыңдар.
Фонтандар аспанға,
Аспанға шапшыңдар,
Алмайын жоғалтып,
Көрмейін тапшылық,
Гүлдеңдер адалдық,
Гүлдеңдер жақсылық.





Пікір жазу