09.07.2021
  160


Автор: Айтуар Өтегенов

Алдымда менің арайлап атқан ақ таң ба

Алдымда менің арайлап атқан ақ таң бар,
Достарым мені кінәлаң, мейлі мақтаңдар.
Асыға күткен арманым болсын сол күндер,
Жүректің мөлдір сезімін ғана сақтаңдар.
Зымырап кейде уақыт шіркін ақса тым,
Мерейің өсіп орындалсыншы мақсатың.
Адамға деген бір пайдалы ісіңмен,
Кезсінші сенің әлемді бүкіл жақсы атың.





Пікір жазу