09.07.2021
  285


Автор: Айтуар Өтегенов

Досым бар...

Бір досым бар қыз-қырқынға батыл тым,
Бір досым бар кені тұнған ақылдың.
Бір досым бар момындау да, қайратты,
Бір досым бар әлжуаз да, айбатты.
Бірі күйші, қандырар жан сусынды,
Бірі қиқар, шымшып алар қу тілді.
Бірі тұйық, оңайлықпен алынбас,
Енді бірі, енді бірі қалжыңбас.
Мен олардың жүректерін сан ұқтым,
Демес едім олар барда жалықтым.
Мен солардың бәріменен данамын,
Мен солардың бәріменен алыппын.





Пікір жазу