09.07.2021
187
Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға?
– Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға?
– Себебі сен, туып өстің далада.
– Жұлдыз болып аққым келер, жан аға?
– Жұлдыз – сәуле құйып өстің санаңа.
– Қырандарша қанатымды қақсам деймін, жан аға?
– Биіктерге ұмтылу тән балаға.
– Жүрегіме алау отын жақсам деймін, жан аға?
– Ошақ шоғын көріп өстің далада.
– Раушан гүлдер таққым келер, жан аға?
– Қызғалдақтар теріп өстің далада.
– Ақ жанымды қонағыма жайып салам, жан аға?
– Бір сен емес,
Бәріде сол, туған ұлдың далада