09.07.2021
  150


Автор: Айтуар Өтегенов

Дала қасиеті

Дала,
Дала!
Неткен ыстық осы есім,
Бал бақыттың, думан тойдың көшесін,
Көргің келсе,
О шеті мен бұ шетін,
Тауларды асып, теңіздерді кешесің.
Дала,
Дала!
Шахталар мен заводттар,
Құс жолындай шоғырланған сан оттар.
Зіркілдеген ауыр- ауыр составтар,
Дәуір жүгін алға сүйреп баратқан.
Дала,
Дала!
Желбіреген көп тулар,
Жігіт-қызы арман қуған, бақ қуған.
Үлбіреген қырқа толы қызғалдақ,
Сусыл қағып, ұшып өткен аққулар.
Дала,
Дала!
Шұғыласы мол таңдар,
(Миллиард пұт сияр қамба-қалтаң бар).
Маңғыстауға мұнара боп шаншылып,
Аспанға атқан фонтандар.





Пікір жазу