09.07.2021
  167


Автор: Айтуар Өтегенов

Ұшырдың өз ұяңнан

(Жұмақшам Өтегенұлына)

Жан аға,
Мен саған қарыздармын,
Көп әлi өтелмеген өзiңе парыздарым.
Әкеме iнi болып,
Мен саған бала болдым,
Көңiлiң маған деген далиған дала болды.
Бiрiнде мен өрiстен ауылға ат мiнiп келдiм,
Жылқышы болдың-ей, – деп қолыма құрық бердiң.
Бұл күнi оны ұмытып, қалайша жайғасамын,
Ерге өзi отырды, – деп сен шалқып той жасадың.
Ұшырдың өз ұяңнан жетiскен қыран қылып,
Сондықтан маңғаздана маңайға тұрам күлiп.
Жан аға!
Сен сыйладың,
Өзге адам бас иетiн,
Болса бiр қасиетiм.





Комментарии

Самат каракулов
Керемет

Пікір жазу