09.07.2021
  170


Автор: Айтуар Өтегенов

Аяймын

Алқа топта болмаған,
Есіп айтар нақылы.
Aшу тоқтар болмаған,
Кесіп айтар ақылы,
Аталарды аяймын.
Шырқыраумен жан-шыбын,
Сәл нәрседен үріккен.
Үркіп жүріп аңшының,
Қарауылына іліккен,
Еліктерді аяймын.
Өзгешелеу жалыны,
Бесік жырын ұқпаған.
Уілдеген бал үні,
Өз тілінде шықпаған,
Сәбилерді аяймын.





Пікір жазу