09.07.2021
  272


Автор: Айтуар Өтегенов

Арғымақтың тұяғы қазған жерлер

Жауына семсер ұстап шапқылаған,
Бабам-ай,
Қулық-сұмдық пәк күнәдан.
Арғымағың тұяғы қазған жерден,
Қазiрде
Фонтан,
Фонтан атқылаған.
Қарақшыдан, жауыңнан ықпағаның,
Әлi күнге таңданып, сұқтанамын.
Бiрақ, баба,
Далаңның қойынында,
Бiлмедiң жиһаз барын, тықпа барын.
Жайлау iздеу, серiлiк - негiзгi әнiң,
Кей тұста арықтады семiз халiң.
Бiлмей өттiң астында табаныңның,
Атыраудан өзге де “теңiз” барын.
Намысқа, арға шапқан әр қадамы,
Қозатын жиын десе арқалары.
Жанады алау болып бұл күндерi,
Ата мекен – Маңғыстау жарты аралым.
Назар салар бiр нүкте картадағы.





Пікір жазу