08.07.2021
260
Арал теңізіне ода
О, Арал теңізі!
Сақтап қалудың сені аман,
Іздеумен жолын мен алаң.
Қалайшы бұған көне алам,
Көнсем бе, онда
Байлығым,Сұлулығымнан тоналам,
Талайдың осы өзегін,
Өртеуде оны сеземін.
Аралым – нұрлым, жаралым,
Тетистен* қалған көз едің.
Бақ тайып бастан
Құрғаудың
Келген ба саған кезегі?!
Кейін тартылып, құрып кеткен.
Балықшы ау сап жағадан,
Шаңқылдап ұшса шағалаң,
Айдының шапшып аспанға.
О, асқан бақыт жоқ одан.
Сібірдің суын бұрмай-ақ,
Каналдар қазып жырмай-ақ.
Шарасы толған ырысқа
Құтқарам сені сырлы аяқ,
Іздеймін, жолын табамын,
Мақсаттарыма нұр бояп.
Арнаңа Арал құт дарып,
Жайнарсың әлі нықталып
Өзіңнен талай су алар,
Шөлейтке беттер ықпа бұлт.
*Тетис – бір кезде Каспий мен Аралды біріктірген шалқар мұхиттың атауы.