08.07.2021
187
Аяулы құлсарым
Качалка тынбайды, жырлайды сазыңды,
Ұлдарың өр тұлға, қыздарың наз үнді.
Құлсары – кең кеуде мұнайшы қаласы,
Есімің тарихқа, тарихқа жазылды.
Арманым, аңсарым -
Аяулы Құлсарым.
Жұлдыздай самсаған,
Самсаған нұр шамың.
Ақ бұлттар жайлайды мұнара төбесін,
Жүректің жаңбырын – ән-жырын төгесің.
Достықтың отауы - «қара алтын» Отаны,
Сұлудай күн сайын құлпырып келесің...
Байырғы Кең Жылой, бүгінгі Теңізім,
Еліме қан берер тамырым ең ұзын.
Көремін өзіңнен бабамның арманын,
Сұңқардың тұғырын, тұлпардың мен ізін.