08.07.2021
175
Алтын ай!
Тезірек шық ала бұлттан!
Жігіттің жүрегімен алабұртқан
Ойнайды
сырғалары сылдыр қағып,
Арулар сөзі астарлы ән ағылтқан.
Қуанып, қызық дәурен кешті-ау бәрі,
Осында жыр — бұлақтың бастаулары.
Бәрі әуен!
Әуен үшін тағылады
Қыздардың алқалары, шашбаулары...
Әдемі ойын ғой бұл халқыма тән,
Халқымның қазынасын жарқыратам.
Қайта өрлеп, қалықташы Ай астында,
Шаттығы жастық шақтың — алтыбақан!