07.07.2021
183
Қызыл алма
Су суыған октябрьдің соңы бұл,
Алма бақтан қайда әкеткен толы гүл?!
Жасырынып жалғыз алма қалмап па,
Жапырақтардың тасасына мол үңіл.
Тыныштықтың құлаққа кеп тұр үні,
Кешіреді бағбан сендей ұрыны.
Қалған алма көрсең, еркін үзіп ал,
Таңдайыңда қалар тәтті шырыны.
Ай осылай дөңгеленер толғанда,
Күн қызарар батар кезі болғанда.
Жаз қызуын, ай кескінін алған соң
Тәтті болмай, не болады соңғы алма?!
Күн жып-жылы.
Бәйтеректер тік те ұзын.
Өткен уақыт түсірмепті тіпті зіл.
Сап-сары бақ. Көгілдір тау.
Көк аспан.
Соңғы алма мен еңкейген күн қып-қызыл!