07.07.2021
227
ҚАЗАҒЫМ ҚАЙДА ЖҮРСЕ ЕЛДІ ОЙЛАҒАН
(әні бар)
Жусаны, жауқазыны желге ойнаған,
Кең даланы халықпыз ен жайлаған.
Тағдырдың жазуымен алыс кетіп,
Қазағым қайда жүрсе елді ойлаған.
Дариға-ай, дариға-ай,
Қазағым қайда жүрсе елді ойлаған
Жат елде сұлтан болып жанса бағы,
Тірліктен қалағанын алса - дағы.
Жүрегі «елім айлап» қарс айрылар,
Қашан да ата жұрт боп аңсағаны.
Дариға-ай, дариға-ай,
Қазағым қайда жүрсе елді ойлаған.
Маңдайға туса – дағы нендей заман,
Халықпыз өр мақсатқа бел байлаған.
Ұлтының ар-намысын биік ұстап,
Қазағым қайда жүрсе елді ойлаған.
Дариға-ай, дариға-ай,
Қазағым қайда жүрсе елді ойлаған
Тағдырдың соқса – дағы бораны әлі,
Елінің тимесе де «төр-алаңы».
Арман боп атамекен – кең даласы,
Қазағым туған жерге оралады.
Дариға-ай, дариға-ай,
Қазағым қайда жүрсе елді ойлаған.