САХА ЕЛІНЕ ОДА
«Весну восторгами встречайте,
Мои якуты – мой народ.
Потомков новых намечайте
И да продолжится Ваш род!»
Народный поэт
Якутии Семен Данилов
«Достық»,
«Бірлік» – өмірдегі ұраным,
Көңіл – бұл күн сағыныштың қыраны.
Өз анамдай аялаған Саха елі,
Құшағыңа тез жеткім кеп тұрады.
Алалас адамдарың түр-түсін,
Сенен таптым бауырмалдық үлгісін.
Кімнің болсын көңілінен шыққандай,
Ардақ тұтқан ата дәстүр, үрдісің.
Сыңарындай аялайтын құрбысын,
Сырлас таптым қыздарыңнан – гүл мүсін.
«Тумааданның» сұлу көркін қия алмай,
Аспаныңда айналып жүр жыр-құсым.
Сүйіп өскен жасыл майса түз өңін,
Шуақ құмар түстік жақтың қызы едім.
Май топырақ сар даламдай санамнан,
Орын алды мәңгі тоңғақ – мұз өңір.
Ну орманың,
Өзен-көлің, алабың,
Өз ауылымдай жан-жүрекпен қаладым.
Кәрі-жасың шырқайтұғын ән-жырың,
Домбырамның билеп алды шанағын.
Болсам дейтін арқа сүйер тірегің,
Секілдімін сенде туған түлегің.
Іргең берік,
Өрісің кең болсын деп,
Саған барлық жасылықты тілеймін!