07.07.2021
311
НҰР СӘУЛЕТТІ НҰР АҒА
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев туралы ән
(әні автордікі)
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр әнім.
Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
Қайырмасы:
Ел тірегі – қайратым,
Абыройым , айбатым!
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті Нұр – ағам!
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Лебізіңнен ел арманы өрілген.
Сенің арқаң Қазақстан көркейіп,
Достық әні шырақтайды төрімнен.