07.07.2021
  190


Автор: Тұрсынай Оразбаева

САЙРАМ САЗЫ

(Әні автордікі)



Бұлбұл сайрап, бағынан ән еседі.
Жерұйықтың өзіне теңеседі.
Сайрамсудың жағасын жайлаған жан
Арманым көп тірлікте демес еді.

Қайырмасы:
              Алтын бесік туған жерім Сайрам деген,
              Құлпырады бау дарағы жайнап ерен.
              Шайханасы,
              Жайған асы,
              Жан дауасы,
              Әрбір күнің өткендей мейраммененен.

Сыйлап кеткен біздерге жұмағы үшін,
Бабаларға арналар жыр- алғысым.
Гүлжазира өлкемді тамашалап,
Тасқындайды жүректе қуанышым.

(Қайырмасы)

Сайрам жері ежелден киелі еді,
Сансыз баптар әруағы сүйенері.
Еңбекпенен көркейіп өркендеген,
Татулық пен бірлікті сүйеді елі.





Пікір жазу