06.07.2021
  169


Автор: Базар Оңдасұлы

Екі талай жер болса

Табаны жаудан таймаған,
Нағыз гөзәл сендерсің
Асыл туған негізің.
Екі талай жер болса,
Екі көздің біріндей
Мен едім қимас егізің.
Қазақты сүттей ұйытты,
Аузымнан шыққан лебізім.
Кереге жалды сендерсің -
Сақтаулы жүрген семізім.
Найза салса жетпейтін
Ақылға терең теңізім.
Қадірді біліп сыйласаң,
Арқа,басымды сипасаң,
Қияға тартар арбаңды
Мен қайратты өгізің.





Пікір жазу