meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.07.2021
  212


Автор: Базар Оңдасұлы

Бұрынғы дәуір болмай жүр

Шалқыған айдын шалқардай
Көл тартылды көзінен.
Сандуғаштай сайраған
Тіл тартылды сөзінен
Бәрі сондай, жігіттер,
Мәуріті өтсе басылар,
Әр нәрсенің кезінен.
Осы кезде баяусып,
Бұрынғы дәуір болмай жүр,
Базарыңның өзінен.





Пікір жазу