06.07.2021
  194


Автор: Эльмира Омарбекова

СОҒЫС – ЗҰЛМАТ КЕЛГЕНДЕ

Соғыс алғаш басталғанда,
Ел ұйқыда жатқанда.
Ажал төнді әрбір жанға
Аждаһа от шашқанда.

              Түнді бұзып ұйқысынан,
              Таң да атты шошынған.
              Тіршіліктен аттаған жау
              Ізінде от қалдырған.

Биік тауға қол жетпеді,
Басқадан оқ кетпеді.
Атып жатыр көздемей-ақ,
Жарылыста жер беті.

              Көктен жауған оқтан, өрттен
              Қашқан қайда, жүр шетте.
              Орман, тоғай жанып жатыр
              Өзен, көлде жоқ өткел.

Қашып жатыр, сасып, лағып,
Амандықты жан бағып.
Адамдар не, аң-жануар
Жүгіреді жан ұшырып.

              Шілде басы, жаздың іші,
              Жайнағанда гүлдері.
              Таптағанды, жаншығанды,
              Тамыр ғана көрмеді.

Талай жандар өлім құшты
Жазықсыз-ақ көз жұмды.
Оқпен қазған молаларға
Топырақсыз көмілді.





Пікір жазу