06.07.2021
172
МЕН ОТЫРАМ КЕСТЕЛЕП АЯЗ САЛҒАН СУРЕТТІ
Түскен тезек тапталып қой астынан табылған
Сары түске боялып, тегін отын жағылған.
Күшті қызу, салмағы ағаштан да ауырдан
Ерте заман адамдар барлық отқа табынған.
Түссе шоғы тапа нан, піскен тандыр, жаппа да
Тіске жұмсақ, балдай дәм, сүйек қайнап жатса да.
Аппақ сүттің базары таусылған ба, өзінде
Сары судан арылып құрт болады қалтада.
Қызуына тең бөліп жүн қайнаған бояуда
Қызыл, сары, көк бөлек табында тұр, бұлауда.
Жүн шығады гүл жайнап түрге сіңген мақталып,
Түрі болар ою салмақ киіз жұмсақ, жылы да.
Жылу берген, қызуда үйге, күйге ертеден
Жарық сәуле ойнайтын бала күнде пештерден
Мен отырам кестелеп аяз салған суретті
Анам жиған дестелеп тезек бітсе, бұл – көктем!