06.07.2021
  151


Автор: Эльмира Омарбекова

ҚАЙЫҢМЕН СЫРЛАСУ

Ақ қайыңдар, жас қайыңдар, арманымды тербеңдер
Жапырақтай жанымды ұғып тұнық сырмен зерлеңдер.
Ойланайын, толғанайын, жырлар жазып берейін,
Өздеріңдей мәуелейін өссін менің мерейім.

Тамаша бір өмір көрем сендердегі әр сағақтан,
Жаратушым шексіз cүйіп жасыл бояу жалатқан.
Сенің гүлің күн қонған шық төгілген жер бетіне,
Қайсарлықпен шыдайсыңдар жел-жаңбырдың өтіне.

Шексіз күнді, шексіз түнді тілеймін пәк бойыңа
Жат ниеттер келген емес адалдықтан ойыма.
Сезім нәзік жүректегі сырларымды ашайын,
Мынау көркем тірлік үшін жырдан сая жасайын...





Пікір жазу