МАХАББАТ , НЕКЕ, ЗИНА
Тұрмыс махаббатты бұзады, ақыл байлайды, сенім шыңдайды. Тірліктің бұзғаны сол, бүгінде сан түрлі неке қалыптасуда. Материалдық қажетпен ғана, есепке құрылған жас шамасы мен нәсіл, дін, ұлт талғамайтын ел аралық, ұлт аралық, дін аралық неке. Бір көріп құлай сүйіп, ғашық болған, тірліктен алқыған романтикалық неке.
Махаббат үлкен ауру, тәтті азап, десе де ол ақымақтық, сезімдік таныммен оның алғашқы оты тұтайды, алайда, ол жалпылық құбылыс емес. Сіз қиялыңыздағы жанды кездестіргендей болып, қарсы жақтың қалыбын қолдан жасап, ұнату күйінде боласыз. Кемшілігін еш көрмейсіз, бұл стихиялы көрсоқырлық барыс, бұл жақсы көру, жақындасу кезеңіне тез жетелейді. Ол таза махаббатқа ұласып жатса, нұр үстіне нұр, міне бұл махаббаттың салыстырмалылығы. Махаббат ешқашанда абсолютті болмайды. Бүгінгі таңда көптеген жастар махаббатты сезімдік таным деңгейінде ғана түсініп, ақылға жеңдірмей тұрмысқа араластырады. Сөйтіп ол махаббаттың тұтқынына айналады. Олар тек ішіп-жеп, ойнап күлуді білетін адамдарға да ұқсамайды, нағыз көз сүзген махаббат құлы болады. Ол жолы болмаса өзгені қойып, өзінен де безінеді. Махаббатты бәріненде жоғары қояды. Тегінде махаббат пен мамандық, махаббат пен арман, махаббат пен тұрмыс, махаббат пен неке қатынастарында махаббат басты орында тұрмауы керек. Қайта нағыз махаббат бір адамның арман-мұратын, кәсібін, болашағын мүлде жалмап алмауы, қерісінше ол адамға үлкен дем беруі. Жасырын қабілеттерін ашуға жол сілтеуі тиіс. Нағыз ұлы адамдардың қай-қайсысыда махаббатта өліп-өшкен бірде бірі жоқ. Себебі ұлы істер мұндай сезімдерді басып түсіп отырады. Махаббат көңіл күйге араласса кісінің белгілеген нысанасына табандылықпен жетуіне үлкен кедергі келтіреді. Махаббаттың жалынына өртенбей, теңізіне ақпай, қайта оны пайдалана білуі керек. Махаббатта пәктік философия, мораль болуы шарт. Оны некедегі ит өмірмен араластыру қажетсіз. Жерге түсіріп былғамау керек, махаббат қашанда он сегіз саған қол бұлғайды, сенің көңіліңнің көгінде сені мәңгілік үміткке жетелейтін, еш өлмейтін шоқ жұлдыз. Оның жанды мысалына атақты жазушы Шыңғыс Айтматов пен Бүбісара Бейшеналиеваның махаббатын айтуға әбден болады.
Егер өмірдегі бар мақсатымызды жеке адамның бақытын көксеу, қара бастың қамы деп, білсек онда өмір шыныменде сүркейлі мазарға, жаныңды жегідей жейтін нағыз түнекке, құлазыған шөлге, үрейлі тамұққа айналады. Алайда сенің таңдаған ғашығың өзінің жиіркенішті идеясын ерте әшкерелесе қуанда, рақмет айт. Көңілі тартпаса дерт тартуға қарсы жағың татымаса, махаббаттың ащы ләззатында уланудың еш керегі жоқ.
Мейір-шапағат сұйқылданған бүгінгі таңда, махаббат адамдар арасындағы сүйіспеншілік, сені магниттей тартатын күш. Көңіліңнің көгіндегі кіршіксіз аты жоқ әлем. Сен өмірде жығылсаң соны ойлап, орныңнан тез тұрасың. Сен оның бір шашын майыстыруға дәтің бармайды.
Адамдар қазір махаббатпен некенің ара жігін дәл басып таныды.
Неке адамның шартты түрде басып өтетін жолы, ол жалпылық сипат алады, оны ақымен құруға болады. Себебі сіз одан ұрпақ таратасыз, отандасасыз, тіршілік жан ұясын жасайсыз. Ортаңызға үлес қосасыз, сондықтан да қандай жар таңдағаныңыз абзал? Бүгінге лайық білімі мен өзіндік танымы бар, төңірегіне көрсетер мейірімі, өзіңізге адал жар, балаңызға қамқор ана бола алатын, айналасына кешірім мен қарай алатын жандарды іздестіріңіз. Сонымен бірге сіз бен ой ортақтастығы, мінез ұқсастығы, қандай отбасынан шыққаны, барлық істе үлкен жауапкершілігі болғаны аса маңызды. Сіздің жанұяңызға сіңімділігі қалай боларына да бір сәт көз жүгіртіңіз. Осының ішінде мінез аса маңызды, сіз ұнатқан жарыңызға ботқа көже алып беріп, ақшамның жеткені осы болды деп, мінезін бір тексеріп көріңіз. Себебі отбасы болған соң талай ботқа көже ішетін кездер болады, соған дайындау. Енді осыларға махббат қосылса, бақыттан басыңыз айналары болары хақ.
Некеде жар таңдау туралы сүйікті пайғамбарымыз(с.ғ.а), бай, сұлу, иманды үш қыздың имандысын таңдауды айтқан. Егер иманды қыздың бойында, байлық не сұлулықтың біреуі болса, тіпті, байлық та сұлулық та болса да, онда сол қызды таңдасаң ол керемет болары шындық. Қалай болғандада иман оның ішкі жан әлемі, сондықтан да ол бірінші.
Ал зина өте ауыр күна. Әйтсе ол не? Біреудің некелі жарына қырындау немесе некеңді қимай кез-келген (үйленбейтін туыстан басқа) жасасыл желекті қауымға жақындау.
“Зинаға жақындама” деп, сүйікті пайғамбарымыз(с.ғ.а) ескертеді, байқасаңыздар, зина жасамаңдар деген жоқ, зинаны тудыратын кез-келген істен, сондай жерлерден, басқаларға күдікті ой салатын ортадан қашуды айтты. Оның сыры не де? Некесіз бөтен қызға “жақындау” үлкен күнәға жетелейді, еш туыстық қатынасы болмаған қыз бен жігіт оңаша бөлмеде қалмауы керек, сол сәтте, шайтан малғұн келіп қыздың да ұлдың басына ой салып, сол үлкен күнәға шақырады, бәрін жеңілдетіп көрсетеді. Нәпсісіне(еркіне) қисапсыз күш бітіреді, адам өзін ұстай алмай қалады. Зина жасаған адамның ырыздығы азайып, кедейлікке ұшырайды; бетінің нұры тайып, жүзінен шаңы шығады; өмірі қысқарады. Ең үлкен күнәһар ол кәрі зинақор екені баршаға аян.
Өкінішке орай күні бүгінге дейін осы зина көркем әдебиетте өте әдемі, жеңіл үгіттелуде, кеңестік әдебитте бұл күнәнің исі аңқып тұрғанын әдебиет сүйер қауым жақсы біледі, ал теледидар мен интернетте ол қалыпты құбылыс сияқты көз алдыңда зулайды. Отарлану кезеңінен әліге дейін ұлттық құндылықтарды минус 180 градусқа бұру үрдісі жалғасып отыр. Кейбір жігіттер зинаны ерлікке санап, отырған жерінде мақтанып айтып жүр. Күнәні қайта айтқанда, қайта жасағандай болады.
Зина кез-келген қоғамды өте тез аздырып-тоздырып, ұлттық құндылықтарын, отбасы ордасын, отанның іргесін сөгіп кететін сұмдық қылмыстарға жетелеп кетеді Алла сақтасын.
Бұндай күнәларға салынбау үшін, кішкентай кезінен ата-ана баласын мұқият қадағалап, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіріп тұру қажет. Бойжеткен мен бозбала болғанда көбірек көңіл бөлу керек. Балалар айтқаныңды істемейді, олар көргенін істейді. Сол себепті отбасы ішінде ата-ана өздерін айтқан сөздерін, жасаған қимылдарын аңдап істеу керек. Сонымен қатар балаларының достарына көз салған жөн. Өйткені кез келген адам бірінші отбасыдан, екінші өзінің араласатын ортасына байланысты қалыптасады. Біздер зинадан қашып, некені мықты сақтап, махаббатты бағалап, мәңгілік ел болуға бүгіннен бастап ат салысайық.