05.07.2021
  155


Автор: Олжабай Сабырбек

Қарсы майдан

Мұғалім :
- Мына жайға қараңыз,
Терезені сындырып қойды балаңыз.
Орнына қайта салдырып беріңіз,
Келсе егер шамаңыз.
Әкесі :
- Әңгімені айтасыз-ау қызық қып,
Баламызды жібердіңдер бұзық қып.
Теңге жинатасыңдар, тоқта, бәлем,
Осының бәрін қосып сотқа берем.





Пікір жазу