05.07.2021
146
Бас айыпкер – бие
Қазы айыпкерге қарады,
(Жыбырлағандай болды тамағы.)
- Биені ұрлағаның рас па?
- Жо-жоқ, қазы,
Өтірік айтсам, үзіліп түссін жұлыным,
Мен адасып құалыпты-ау деп биенің
Үйге әкеліп едім құлынын.
- Е, онда саған жабылыпты босқа күйе,
- Басты айыпкер
Үйге рұқсатсыз келген бие.