05.07.2021
  1778


Әпкем, сіңілім (ән)

Артыңа ерген қыздарға айнасың әпке
Сырласайын деп едім қайдасың әпке
Тілеуіңді тілеген жанашыр едім
Жүзіңізден қуаныш таймасын әпке

Іздегенде сіңілім мен қасыңдамын
Әпкеңе айт сырыңды, кел жасырмағын
Арасынан қыл өтпес құрбыдай болған
Арамызда ешбір сыр болмасын, жаным

Қайырмасы:

Ай менен күндей, бүр жарған гүлдей
Келеміз өкпені білмей
Дәл біздей жүрмей, сырласып күнде
Әпкелі сіңлілер бірге

Егізімдей бір туған елігім менің
Көңіліңді ақ бұлттай сенің білемін
Сіңілі деген тағдырдың сыйы екен ғой
Лүпілдейді сен десе менің жүрегім

Ештеңеге сен барда алаңдамаймын
Батылдықтың өзі деп саған қараймын
Мейірімнің әлемі әпке дегенім
Білемін ғой әрдайым бағаңды, арайлым

Қайырмасы:

Ай менен күндей, бүр жарған гүлдей
Келеміз өкпені білмей
Дәл біздей жүрмей, сырласып күнде
Әпкелі сіңлілер бірге





Пікір жазу