meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.07.2021
  207


Автор: Иса Байзақов

Алтай

Кәрі Алтайдың жонынан кен атады,
Дабылымен еңбекті оятады,
Алтын атқан Алтайдың өрі-қыры,
Жігерімді масатпен қайнатады.
Алтын, күміс жерінен жентектеліп
Алып күшпен боратады.
Сауық-сайран кеш болса
Еңбек әнін қосылып шырқатады.

Қайырмасы:
Бүгін Алтай,
Жаңғырғандай,
Ұйқысынан оянып,
Шаттанғандай.





Пікір жазу