04.07.2021
149
Кәрібай шал
Күн суық қыстың күні, даласы қар,
Жол оңап жүргізбейді тағы да тар.
Жүк салып арық атқа өлең айтып,
Келеді ыққа қарай Кәрібай шал.
Жүк тартып келе жатты Кәрібай шал,
Жалғыздың бейнет көрсе жоқ қой амал.
Жеткенде бір оқапқа қамытының
Шарт етті шұжығы үзіліп адыра қал.
«Үйімде аш, жалаңаш қатын-балам,
Тамақты еңбек қылмай қайдан табам.
Жүрмейді айдағанға жамандатқыр,
Қалаға кеш боп қалды қашан барам».
Кәрібай ілгерілеп алға басты,
Өзіндей шаруаға үлгі шашты.
Жұмысын коллективтің түрлендіріп,
Өзара социалдық жарыс ашты.
Төрт жылда орындады бес жылдықты,
Кәрібай жұмысына сондай мықты.
Астықтың ұлы қызу науқанында,
Кәрібай талайынан озып шықты.