04.07.2021
  159


Автор: Иса Байзақов

Екінші желдірме

Жұмыскер еңбегіне сенетұғын,
Болса да нендей қиын жеңетұғын,
Айнымас алып күштің арқасында,
Құлпыртып тұрмысқа гүл егетұғын.

Шегі жоқ Қазақстан табысының,
Екпіні жер жарғандай дабысының,
Салдырған құла шөлге Түрксибті,
Жетуге жолы жақын алысының.

Тап ортам Қарағанды кен қайнаған,
Таусылмас қара алтыным жер бойлаған.
Өрбіген қалың байлық Қарағанды,
Болад деп бұрын мұндай кім ойлаған?

Өсірген шаруамызды колхоз, совхоз,
Еңбекпен ұйымдасқан неше мың жүз.
Комбайн, тракторды ат қып мініп,
Тетігін техниканың меңгердік біз.





Пікір жазу