04.07.2021
256
Өнер
Жігіттер өнер үйрен заманында,
Теңшілдік түгелімен өз қолында.
Түрлендір шаруаңды, түс жарысқа,
Талабың алға басып тұрғаныңда.
Қарсы тұр жан аямай тап жауына,
Алданба залымдардың арбауына,
Танысып күнделікпен, өнер үйрен,
Тез тырыс ұлы еңбектен қалмауыңа.