04.07.2021
  291


Автор: Әбіш Кекілбаев

Құмарлық жолы қаяусыз

Құмарлық жолы қаяусыз,
Көңіл, бірақ, жерігіш.
Балдың да дәмі баянсыз,
Ауызға түссе, ерігіш...
Бөбегім - жырым, уа, саған
Тіледім өзге сәтті жол:
Аш жүріп келіп асаған
Қара нандай тәтті бол.
1961.





Пікір жазу