04.07.2021
156
Жылдарда жыл болады бағызы-бағызы
Жылдарда жыл болады бағызы-бағызы,
Келеді наурызда елдің жазы.
Алабын Көлборсының сулар алса,
Сыңқылдап қонар көлдің үйрек, қазы.
Ойнақы мініп атқа, ал қаршыға,
Зер қарғы сылаңдасып ерсін тазы.
Көлдерге ат ойнатып, тарлан ұшыр,
Жігіттің жігер туған бұл шандозы.
Жастықта жігіт адам жігер болса,
Қайт болмас қалқасына еткен назы.
Құлаққа киген сырға есітілсін,
Құс салып кешкі соққан дауылпазы.
«Кешегі қалқам-ау» деп мойын толғап,
Ісіне қалқасының болсын разы.
Борсыда жалғыз жатып ән саламын,
Сіздерге ұнай ма екен әнім сазы?
Адамнан артық ажар, ақыл, айлаң,
Ажары ақ бетіңнің асқан айдан.
Адасқан арық қудай болдым асық,
Айдындай ақ төсіңе, асыл айнам!