04.07.2021
  155


Автор: Малқаров Омарбай

Отанға

Қазақтың бурыл басты бір шалымын,
Әлі де бар сияқты бір шалымым,
Жас егде, өңім көне болса-дағы,
әлі де мойныма алам жыр салығын.

Еркіндеп егде жасқа келдім жетіп,
Тұрған жоқ жас күндегі өңім кетіп,
Отанның, туған елдің гүл бағында,
Жүрегім түрар дәуір күйін шертіп.

Жорғаңмын ұзақ жолда байпаңдайтын,
Салсаң да ойға-қырға тайсалмайтын.
Жұмсасаң бас тартпайтын мен балаңмын,
Сөзіңді екі етпейтін, қайтармайтын.





Пікір жазу