Мамандығым-мақтанышым!
Мамандығым-мақтанышым!
Мен,Сулейман Нургүл,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Дінтану» мамандығының 3-курсын тәмамдап жатырмын. 1994 жылы Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (бұрынғы атауы ҚазМУ) "Дінтану және мәдениеттану" кафедрасы ашылған болатын. Кафедраға қарасты дінтану мамандығы- қазіргі уақытта өзекті болып табылатын өте жаңа мамандық . Себебі, дін- жаңа серпінге ие болған және дұрыс зерттеуді қажет ететін ауқымды тақырып .
Бұл мамандық мектептерде қарапайым оқытудан бастап, беделді халықаралық ұйымдарда, түрлі мемлекеттік құрылымдар мен министрліктерде жұмыс істеуге дейінгі ерекше салаларды қамтитын мамандарды дайындайды. Бұл мамандықтың өзектілігі дәстүрлі-дәстүрлі емес барлық діндердің,сенімдердің жаппай таралуын , олар туралы толық білімнің жетіспеушілігін, дұрыс ақпарат таратылмауын және осы салада қажетті мөлшерде беделді мамандардың болмауын тежеу. Діндер тарихы,діни өнер-жазба ескерткіштер, діни ұйымдар мен конфессиялардың қарым –қатынастары т.б мәселелер қызықтырса, бұл абитуриент үшін таптырмас мамандық болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-бұл бай дәстүрі, көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесі бар жоғары оқу орны.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – мемлекеттік аттестаттаудан бірінші болып өткен және барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растаған Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-Қазақстан жоғары оқу орындарының Бас рейтингісінің көшбасшысы, ел тарихында тұңғыш рет "сапа саласындағы жетістіктері үшін" Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты болды.Бұдан бөлек ауыз толтырып айтарлық жетістіктер өте көп.
Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік білім аламын деген талапкерге мамандықтардың кең таңдауын ұсынатын тұтас оқу-ғылыми кешен болып табылады. Сондықтан мен "Дінтану" мамандығының ашылуына және осы университетте оқу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын!Мен ҚазҰУ болашағына сенемін және дінтанушы мамандарға жүктелетін үміттер ақталады, олар діннің зерттелмеген қырларын ашып , экстремизмге, түрлі радикалды ағымдарға қарсы күрестегі тірек және тіпті қозғаушы күшке айналады және әр дін туралы білімді бұрмалаусыз, оның таза түрінде сақтап, келесі ұрпаққа бере алады деп үміттенемін.www.kaznu.kz
Сулейман Нургүл Мутанқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
3-курс студенті
Жетекші:
PhD доктор, аға оқытушы
Мұқан Нұрзат