meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.07.2021
  379


Автор: Шал Құлекеұлы

Ағайын жат болады, алыс болса

Ағайын жат болады, алыс болса,
Жат та жақын болады, таныс болса.
Дұшпан түгіл. Достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.
Жаманға дәулет бітсе, ауа айналар,
Жақсыға дәулет бітсе бақ байланар.
Басыңа жазатайым бір іс түссе,
Арасы дос пен дұшпан абайланар.





Пікір жазу