meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.07.2021
  391


Автор: Мұзафар Әлімбаев

Мән мен сән

Алма
Шырын болмаса,
Миға
Білім қонбаса,
Беске
Дәптер толмаса,
Балта
Ағаш жонбаса,
Көгал
Жасыл болмаса,
Болат
Асыл болмаса,
Жүйрік
Шауып озбаса,
Гүлдер
Бойын созбаса,
Жігіт
Қамды болмаса,
Ұл-қыз
Арлы болмаса,
Дүниеде сән қалмас,
Тіршілікте мән қалмас!





Пікір жазу