03.07.2021
  156


Автор: Мұзафар Әлімбаев

Мінбеден түстің, кібіртік басып

Мінбеден түстің, кібіртік басып,
Күмілжи толқып, беттедің залға.
Алабұртасың, дегбірің қашып...
Сөзіңде құйттай ағаттық бар ма?
Дауылдай оқыс сапырып бердің,
Қопардың сырын шытырман жәйттің...
Мінбеден неге өкініп келдің?
Әділін айттың - әдемі айттың?





Пікір жазу