meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.07.2021
  359


Автор: Мұзафар Әлімбаев

Өкпелеме

"Түрсіз ғой" деп, түсіне тыжырынба, ардақтым!
Сұр шинелдің ішінде
Жүрегі бар солдаттың.
"Өңсіз ғой" деп, түсіне өкпелеме, ақылдым!
Бөз көйлектің ішінде
Жүрегі бар батырдың.
Бор жаққандай шашына өкпелеме, ақылдым
Табары бар асылдан
Мынау ақбас ақынның.





Пікір жазу