03.07.2021
281

Жеңе алам ба?
Қарақан басымды емес,
Елімді ойлап,
Ерленіп егескенде кегім қайнап,
Дүшпанды жайпаушы едім оңды-солды,
Жолымда жатушы еді жауым жайрап...
Жолықты ажал мыстан сол алаңда,
Қапыда тағы түстім зобалаңға.
Бұл жолы өзім үшін жұлқысам-ау,
Тойтитып тойымсызды жеңе алам ба?!