01.07.2021
145
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo5208474477736868270vapvap.jpg)
Кеудеңе кек келгенде
Кеудеңе кек келгенде,
төріңде ой жатпайды.
Қанағат кеткен жерде,
қиянат ойнақтайды.
Астамдық жапса түндік,
ақыл-шал босады үйден.
Шыңғырып жатса шындық,
шүкірлік қашар үйден.
Шашылса сөзің желге,
топастық тамсанады.
Туралық көз ілгенде,
жалтақтық ән салады.
Әділет қалса апанда,
тайраңдар тоқтышағы.
Оранса Ар шапанға,
адалдық оққа ұшады.
Көрікті күл қылады
зорлықтың өрт құшағы.
жер беті – қырғын әлі,
жұмақтың жоқ нышаны.