01.07.2021
282
Көңілдеріңді көтерер
Көңілдеріңді көтерер
жақсы өлең менен күтпеңдер.
Өлең-әлемім – бұлт шеңбер,
шаттану күтсең, өте бер,
жайым жоқ менің жұртты емдер.
Ойларым тосын келеді,
жоқ менде жайлы мамыр күн.
Жырларым үшкір жебелі –
дерттер улаған жанымның
бұлыңғыр көшірмелері.
Дәметпе менен жыр жайлы,
жүрегім - өрттің ошағы.
Өртті жүректе кіл қайғы,
қайғының тұнған тосабы
жазбайды, жаныңды улайды.