01.07.2021
170

Мен ойлайтынмын
Мен ойлайтынмын:
данышпан деп патша мен бидің бәрі,
әрбір ұлттың солар деп тұйғындары.
Жарқ-жұрқ еткен қаңылтыр саясаттар
сезімімді сорып ап, миды ұрлады.
Билік құлқы әлемде біреу екен –
өз басының мансабы, үйдің маңы.
Билік таққа жеткенше жылтыр бәрі,
жылтырлардың ойы – тек құлқын қамы.
Қара табан халықтың қамын ойлап
жаны ауырған көрмедім бір тұлғаны.
Шындық-елік шыңғырып жатсадағы,
қылыштылар қорғауға ұмтылмады.
Қылыш-билік сылып ап сезімдерін,
сезімсізден сескеніп көз ілмедім.
Қиянаттың қорғаны күштілік те,
ақиқатқа мәңгілік егіз бе мұң?
Биліктінің жаны – күс, жүрегі – жез.
Тек мен одан не күттім, нені іздедім?
данышпан патша би ой билік Фариза Оңғарсынова Фариза Оңғарсынова шығармашылығы Фариза Оңғарсынова өлеңдері