01.07.2021
166

Әкімдерде ақылдан айла басым
Әкімдерде ақылдан айла басым,
айласыздар сайманын сайламасын.
Бір жылпостың қолына билік тисе,
өзіндеймен толтырар айналасын.
Темір торын жайғанда айла-дана,
әділдік деп тісіңді қайралама:
өзің сезбей қаласың, сені қалай
отырғызып кеткенін айдалаға.
Бұл заманның мылжыңы – батырлары,
жағымпаз бен жылпостың әкім бәрі.
Қоғам көркі – жезөкше қатындары,
мал соңында, кетпенде – мақұлдары.
Көрінгенмен қаншама, іскер, дарын,
біл әкімде тылсымдай күштер барын.
Өтем десең ақ, адал, ойлан, адам,
әкімдерге күніңнің түспеу жағын.
әкім ақыл айла билік Фариза Оңғарсынова Фариза Оңғарсынова шығармашылығы Фариза Оңғарсынова өлеңдері