01.07.2021
  292


Автор: Дидар Қуаныш

Ақ арманым – ақ құсым!

Ақ арманым – ақ құсым,
Жақынбысың, жатпысың?
Өзіндей-ақ өмірдің
Тәттісің-ау, тәттісің!

Қозыдайын жас туған
Көңіл жықпас момынсың.
Кейде, бірақ, аң қаққан
Тазыдайын әккісің!

Жеткізбейсің...
Қояндай, жел қаптырып кетесің!
(Айтшы, неге үйтесің?!)
Ай, арман-аай, соңыңмен
Тәттісің сен, тәттісің!..





Пікір жазу